2019 жылдың 8 қазанда ұзтаздар күніне және кәсіподақ күніне орай Балалар саз мектебінде мерекелік концерт өткізілді. Онда Балалар саз мектебінің оқытушылары мен оқушылары өнерлерін көрсетті. Концерт барысында мектеп директоры А.Ж.Имашева барлық ұстаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Көп жылдары осы ұйымда еңбек етіп келген ардагер ұстаздар да шақыртылып, оларға да құттықтау сөз айтылып кәсіподақ ұйымы атынан шағын сый сияпат көрсетілді.
Мектеп оқытушылары Наурызбаева Куралай Серикбаевна мен Коротич Татьяна Валерьевна Аудандық Білім беру бөлімінің алғыс хатымен марапатталды.
Сонымен қатар Балалар саз мектебінде 35 жыл еңбек өтілі бар екі оқытушы да құттықталды.