30қазан күні Балалр саз мектебінде Елбасының "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында "Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасының жеңімпазы, Республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаты, музыка академигі Саида Қалықовамен кездесу концерті өтті. Саида Орал қаласындағы Құрманғазы ат. Саз колледжін, Астана қаласындағы Ұлттық өнер университетін оқып бітірген. Содан кейін Болашақ бағдарламасы бойынша Италияның Флоренция Қаласында үздік белгімен магистратураны бітірген. Қазіргі уақытта ол Қазақстанда, Ресейде жәнеИталияда жеке концерттерін береді. Саида бес тілді жеттік меңгерген. Астана қаласында Мемлекеттік академиялық филармонияның солисті болып келеді.