Рухани жаңғыру бағдарлмасы аясындa   Балалар саз  мектебінің Қызылтал филиалында «Шәмші Қалдаяқов- қазақ валісінің королі» атты  лекция- концерт өткізілді.  

 

Шара барысында Әнұран шырқалып, кеш шымылдығы халқымыздың рухани азығы болып, ән өнерінің інжу- маржаны - Шәмші Қалдаяқовтың өмірлік жолы мен шығармашылығына арналған бейне- фильм көрсетілді.    Шараны жүргізген фортепиано пәнінің оқытушысы В.С. Даулеткалиева   композитордың әр әнін шығу тарихын әсерлі әңгімеледі.

 

Одан әрі Н.С. Исмагулованың фортепиано сүйемелдеуімен қобызшылар триосы - Н.К Бабагужиева, Е. Н. Қабдол және З. Т.Утепбергенова Шәмші Қалдаяқовтың әндеріне «Попури» және «Арыс жағасында» әнін орындаса ,  «Ана туралы жыр», «Ақ бантик» әндерін Э. Ш.Галимова әндетіп,  көрермендердің ықыласына ие болды.

 

40 жылдан астам шығармашылық кызметінде Шәмші 300-ге жуық ән жазған. Шәмші әндері тұнып тұрған лирика махаббат тақырыбында болған. Бұл әндерді жұртшылық барлық жерде студенттік және отбасылық кештерде, демалыс кезінде, мерекелік шараларда шырқайтын. Ш.Қалдаяқов  кішкентай бүлдіршіндерге де жазған әндері бар.  Оны 1-ші сынып оқушылары Набиолла Дәулет қобыз аспабында «Балдырғандар әнін», фортепиано аспабында Ибрашева Милана «Бақа» әзіл-әнін орындады.

 

Содан соң «Шәмші Қалдаяқов- ән патшасы» тақырыбында жасақталған кітап көрмесіне кітапханашы Н.Қ. Искакова библиографиялық шолу жасап, әдебиеттермен таныстырды.

 

Лекция-концертіміздің соңында, оқушы Байқожа Сагингаливтың орындауында «Әнім сен едің» атты әні домбыра сүйемелдеуімен шырқалды.

 

«Кос ішектің бірін қатты, бірiн сәл-сәл кем бұpа, нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра» демекші, күйді  нақышына келтіріп орындаған домбырашылар ансамбілі  көрермендерге қазақтың халық күйлері «Тепең көк» және «Жастар биі» күйлерін ұсынды. Домбырашы ансамбілінің  жетекшісі  Н. К.Бабагужиева.

 

Әлемдік музыкада Штраус, Шопеннің вальстері қандай орын алса, Шәмшінің вальс ырғақтары да сондай әсем. Шамші Қалдаяқов- бүкіл қазақ халқына ән салдырған сазгер болды. Шәмші әндері ойлығымен, тазалығымен адам жүрегіне қуаныш, өмірге құштарлық, махаббат пен мейірім, туған елін, туған жерін шексіз сүю сезімдерін ұялатады.