1. Қобыз класының оқытушысы - 1 бірлік;

2. Домбыра класының оқытушысы - 1 бірлік;

3.Академиялық және эстрадалық  вокал класының оқытушысы - 1 бірлік;

4. Флейта класының оқытушысы - 2 бірлік;

5. Теория пәндерінің оқытушысы - 2 бірлік;

6. Сүйемелдеуші  - 3 бірлік;

 

Кәсіпорнының мекенжайы: 090300, Батыс қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы, Садовая 4 көшесі, тел/факс: 8 (71133) 20962

Бiлiктiлiкке қойылатын талаптар: жоғары немемсе арнаулы орта педагогикалық бiлiмі, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.

Лауазымдық міндеттері: Қосымша бiлiм беру саласында білім алушылардың әртүрлі шығармашылық қызметін ұйымдастырады және қамтамасыз етеді. Балаларға арналған қосымша білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға қатысады, сабақтың жоспары мен бағдарламаларын жасайды, олардың орындалуын қамтамасыз етеді. Белгіленген құжаттаманы жүргізеді.

Бiлуге міндетті: ҚР Конституциясын, ҚР «Білім туралы», "ҚР тілдер туралы", "ҚР бала құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы"  " Неке және отбасы", "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қараусыз қалуының алдын алу туралы" Заңдарын, ҚР білім беру, педагогика, психология, жас ерекшеліктері физиологиясы, еңбек туралы заңнаманы, өндірістегі санитарлық және өрт қауіпсіздігі ережелерін.

 

Конкурсқа қатысуға ниет білдіруші азаматтар мынадай құжаттарды тапсырады:
      1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
      2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      3) кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақты (нақты тұратын мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген);
      4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
      5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
      6) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама ұсынады.

 

Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар конкурс туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде тапсырылуы қажет.